Аргентинада өтетін Дэвис Кубогына барғың келе ме? Кеттік!!! / ARAL_PC / Блоги.Казах.ру — блоги Казахстана, РК
rus / eng / kaz


Статья Корпоративные блоги: Как вести? содержит практические советы и примеры
Можно ставить записям будущее время. Запись будет в черновиках и в указанную минуту автоматически опубликуется. Любой блог можно сделать коллективным. Для этого надо определенным (или всем) пользователям дать права на запись в него. СМИ могут копировать в свой блог ленту новостей или статей. Дополнительное внимание и комментарии обеспечены. Если у вас уже есть блог в другом месте — можно автоматически транслировать записи из него в нашу блог-платформу












ARAL_PC



Корпоративный блог

Блог aral
Автор блога
Лента друзей
Войти Регистрация



Аргентинада өтетін Дэвис Кубогына барғың келе ме? Кеттік!!!

«КаР-Тел» ЖШС-ы (Қазақстандағы Beeline бренді) Аргентинада өтетін Дэвис Кубогына баратын қазақстандық жанкүйерлер командасын құрауға бағытталған Қазақстан теннис Федерацияның бастамасын қолдап отыр.

2008 жылдан бастап «КаР-Тел» ЖШС қазақстандық теннис турнирінің Бас серіктесі болып табылады.

2011 жылдың 4 мамыр күні Алматыда «КаР-Тел» ЖШС-ы мен ҚР Теннис федерациясымен бірлесіп Beeline абоненттері мен бұқаралық ақпарат құралдары үшін баспасөз-конференция өткізді. Баспасөз конференциясына «КаР-Тел» ЖШС-ның Бас директоры Анатолий Попов, Қазақстан Теннис федерациясының Вице-президенті Әділ Бүрлібаев, сондай-ақ Қазақстанның ерлер құрама командасының капитаны Егор Шалдунов қатысты.

Аталған акцияларға барлық қазақстандық БАҚ журналистері және теннис жанкүйерлері қатыса алады. Теннистің қыр-сырын жақсы білетін Beeline абоненттері SMS-байқауға қатыса алады. Дұрыс жауапты ең көп берген абонент шілденің 7-9 аралығында Буэнос-Айресте Дэвис Кубогы аясында өтетін Аргентина және Қазақстан құрамалары арасындағы кездесулерге жолдамаға ие болады. Осындай жүлделерге қазақстандық теннисі тақырыбындағы үздік жарияланым байқауының 4 жеңімпазы ие болады.

«Beeline қазақстандық теннисті қолдау арқылы салауатты өмір салтын насихаттап, дені сау ұрпақ тәрбиелеуге атсалыспақ. Спорт біздің компанияның ұстанымы болып саналатын үдемелі даму мен жетілдіру, жаңа жеңістерге ұмтылу сияқты идеяларды насихаттайды», - деді баспасөз-мәслихатында Анатолий Попов.

«Теннис федерациясы Қазақстанда жұмыс жасайтын компанияларға қазақстандық теннисшілердің Дэвис Кубогындағы жеңістеріне қоғамның назарын бұруды корпоративтік мақсаттарда ұтымды пайдалану мүмкіндігін ұсынып отыр. Егер де біздің компаниялар маркетиннгтік және жарнамалық құралдар арқылы Аргентинаға тым болмағанда бір жанкүйердің жолақысын көтере алса, Parque Roca атты 13-мыңдық стадионында қазақстандық жанкүйерлердің қарасы барынша молаяр еді», - дейді Қазақстан Теннис федерациясының Вице-президенті Әділ Бүрлібаев.