Ұялы байланыстың ғарыштық жылдамдығы / ARAL_PC / Блоги.Казах.ру — блоги Казахстана, РК
rus / eng / kaz


Любой блог можно сделать коллективным. Для этого надо определенным (или всем) пользователям дать права на запись в него. Статья Корпоративные блоги: Как вести? содержит практические советы и примеры
Можно ставить записям будущее время. Запись будет в черновиках и в указанную минуту автоматически опубликуется. СМИ могут копировать в свой блог ленту новостей или статей. Дополнительное внимание и комментарии обеспечены. Если у вас уже есть блог в другом месте — можно автоматически транслировать записи из него в нашу блог-платформу












ARAL_PC



Корпоративный блог

Блог aral
Автор блога
Лента друзей
Войти Регистрация



Ұялы байланыстың ғарыштық жылдамдығы

Біздің редакцияға оқырмандардан көптеген сауалдар келіп түсіп жатады. Соның ішінде қазіргі адамзат баласының бір елі ажырамас досына айналған қалта телефоны, яғни, ұялы байланыспен де байланысты. Осыған орай оқырмандар сауалына тұщымды жауап алу үшін редакциямызға қонақ ретінде көпшілікке қара-сары түсімен таныс, алыс пен жақынды байланыстырған Билайн сауда белгісімен қызмет атқаратын «КаР-Тел» ЖШС Қызылорда филиалының директоры Айгүл Игілікова ханым мен Оңтүстік Қазақстан аймағы бойынша баспасөз қызметі жетекшісі Қайрат Сағынаев мырзаны шақырған болатынбық. Енді назарларыңызға осы салаға байланысты қонақтар жауабын ұсынбақпыз.
- Алғашқы сауалымызды қазіргі таңдағы тек жастар ғана емес, сондай-ақ ақпарат ғасырында жаңалыққа жаны құмар кез-келген адамзат үшін қызыты нәрсе – ол Ғаламтор. Қазіргі таңда жарнама бетінде ұялы байланыс операторларының USB модемдері туралы көбірек айтылып жатыр. Сіздердің компанияларыңыз ұсынған USB-модемдердің артықшылығы неде?

- Бұл жаңа өнімнің ең бірінші артықшылығы, Сіз Интернетке еш қиындықсыз, арнайы сым тартуды қажет етпей қызмет жасайтындығы. Оған бар болғаны Beeline байланысы қамтыған аймақ және компьютер немесе ноутбук болса болғаны. Оны компьютер тетігіне жалғайсыз, сонан соң ол автоматты түрде орнатылып жұмысын жалғастырады. Мұндағы басты мақсат – елімізді интернетпен жаппай қамту бағдарламасына өз үлесімізді қосу. Сіз іс-сапарларда жүрсеңіз де еш қиындықсыз мәліметтеріңізді жіберіп, ала аласыз.
Beeline USB-модемінің артықшылықтары:
1. Сымсыз Интернет - Beeline желісі бар кез-келген жерде.
2. 50 Мб және 800 теңге сыйлыққа: USB-модемді сатып алғанда Data-картаның теңгерімінде 800 теңге бар болады және 50 Мб бонустық трафик қосылған.* Назар аударыңыз! Оларды іске қосу үшін «Beeline USB-модемінің» мәзірі арқылы төмендегі әрекеттердің біреуін орындау керек:
- теңгерімді тексеру
- SMS жіберу
- «Менің нөмірім» қызметін пайдалану
3. Орнатылуы қарапайым: модемді компьютердің USB-портына қоссаңыз, автоматты баптау бағдарламасы өздігінен орнатылады.
4. SMS қарым-қатынас: компьютерден SMS-жазысу жүргізу оңай және қызықты! Ғаламторға қосылып және қосылмай да хабарламаларды жіберу және қабылдау мүмкіндігі бар.
5. Шотты бақылау: Beeline USB-модемінің ыңғайлы мәзірі арқылы теңгерімді тексеру және толықтыру, қызмет түрлерін қосу немесе айыру мүмкіндігіне ие боласыз.
6. Интернет-серфингке арналған арнайы тарифтер: клик-топтамаларды сатып алып, Ғаламторды тиімді бағамен пайдаланыңыз! Толығырақ мәлімет http://modem.beeline.kz сайтында.

- Қазіргі таңда БАҚ беттерінде немесе теледидарда «Жаса» жаңа қауымдастығының жарнамасын беріп жүр. Оның тегін минуттары деген рас па?
-«Жаса!» - бұл өз армандарын жүзеге асыратындар бірлестігі!
«Жаса!» - ең қызықты оқиғалардың ортасында болуды, кемелденуді және табысқа қол жеткізуді көздеген ең жарқын, табысты және мақсаткер Beeline абоненттерін біріктіреді.
«Жаса!» - бұл бағдарлама мүшелері ұпай жинап, Beeline және оның серіктестерінің қызметтеріне айырбастайды, сондай-ақ келесі деңгейлерге өтіп, одан да көп артықшылықтарға ие болады!
«Жаса!» бағдарламасына қатысып:
5 сағатқа дейін тегін әңгімелесу мүкіндігін*;
Beeline-нан бірегей артықшылықтар мен тосын сыйларды;
Өз қалаңның ең қызықты және үлгілі жерлерінде жеңілдіктер мен сыйлықтар алу мүмкіндігіне ие боласың.
Сөйлес, жина, ұпай санын тегін сөйлесу уақытына айырбаста! Сөйлескенің үшін одан да көп сөйлесу уақытын ал! Бұл тек бастамасы!
- Бірлестікті «Жаса!» деп атаудың себебі неде?
Қазақ тілінде «жаса» сөзі - «істе», «тудыр», «өмір сүр» деген сөздермен мағыналас. Сондықтан, бұл сөз бірлестік атауының мағынасын толық ашады.
«Жаса!» - бірлестіктің де, оның сөзсіз мүшесі болғысы келетін абоненттердің де мақсаты мен мәнісін дәл анықтайды. Бұл - ешқашан бір орында тұрмайтын және үнемі бір жаңа нәрсе жасауға ұмтылатын адамдар. Бұл - өз ойларын жүзеге асыратын шығармашылық тұлғалар. Олар әрбір жасалған қадам үлкен бір істің бастамасы екенін жақсы біледі.
- Бірлестікке қалай кіруге болады?
«Жаса!» бірлестігінің қатысушысы болу үшін жай ғана *777# тегін пәрменін тер! Осы сәттен бастап саған шот ашылады. Сен жай ғана сөйлесесің және теңгеріміңді толтырасың, ал ұпайлар сенің шотыңда автоматты түрде жинала береді. Тіркелу тегін!
Ұпай саны қалай жиналады?
Ұпай алу шарттары және ұпай саны:
Beeline желісі ішіндегі күні бойы жинақталған сөйлесудің әрбір 2,3-минуты үшін
әр минут үшін - 5 ұпай
Теңгерімді 1000 теңге және одан жоғары (тәулік бойы жинақталған) сомаға толықтырғаның үшін - 5 ұпай
Ұпайларды қалай жұмсауға болады?
Ұпай саны және жұмсалуы
500 ұпай - Beeline желісі ішінде 1 сағат тегін сөйлесу **
5000 ұпай - Gold деңгейіне өту;
10 000 ұпай - VIP деңгейіне өту – VIP Club Beeline-ға кіру
Жиналған ұпайларды айырбастау үшін мобильді телефоныңыздан *110*74# пәрменін теріңіз. Жиналған ұпай санын және бонустық минуттардың қалдығын тексеру үшін мобильді телефоныңыздан *127# пәрменін теріңіз. «Жаса» қауымдастығына кіру үшін әрбір алдын ала төлем абоненттері ұялы телефонынан *777# сандарын теруі қажет.
- Біздің білуімізше, Алматы, Астана тағы да басқа ірі қалаларда кең көлемді Ғаламтор тартылған. Жақында, ғарыш аймағы саналатын Байқоңыр қаласында осыған қол жеткізілді деп естідік. Сол туралы толығырақ өз аузыңыздан естісек.

-Біз өзіміздің Beeline компаниясының Байқоңырдағы кең көлемді Ғаламторға қол жеткізген бірінші оператор болғандығын қуанышпен хабарлаймыз. Байланыс FTTB* технологиясы арқылы ақпаратты беру жылдамдығы секундына 100 Мбит-ті құрайтын болады. Қажетті келісімге бүгін Байқоңыр қаласындағы FTTB желісін дамыту жөніндегі серіктес «Телескан» компаниясымен қол жеткізілді.
Біздің басы мақсатымыздың бірі – Beeline қызмет көрсететін аймақтарда толыққанды қызмет үлгісін көрсету болып табылады. Біз, Байқоңыр қаласы тұрғындарының кең көлемді Ғаламтор желісіне қол жеткізгеніне және біздің компанияның бұл тарапынан ғарыштық қаласында өзінің бірінші көп салалы оператор ретінде танытқанына қуаныштымыз.
Байқоңыр қаласында ғаламторға деген сұраныс – ауадай қажет тақырыптардың бірі. Оған күнделікті тұрғындардан келіп жатқан сауалдар мен өтініштер куә. Енгізіліп жатқан жаңа қызмет Байқоңыр қаласында тұрып жатқан Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасы азаматтарының арасын жақындатып қана қоймай, Ресйде, Қазақстанда, Украинада, Белоруссияда және басқа да мемлекеттерде тұратын достарымен үнемі байланыста болуы зор септігін тигізеді деп ойлаймыз.
Қазіргі таңда FTTB технологиясын Қазақстанда Алматы, Астана, Жезқазған, Қарағанды, Петропавл, Тараз және Шымкент қалаларының тұрғындары пайдаланып отыр.
Болашақта аталмыш қызметті Қазақстанның ірі қалалары мен облыс орталықтарында дамыту көзделіп отыр.

- Кешіріңіз, әлгі өзіңіз айтып отырғандай, FTTB технологиясы нені білдіреді?

- FTTB (Fiber-To-The-Building) ағылшын тілінен аударғанда «үйге дейін талшық» деген мағынаны білдіреді. «Талшық» сөзінің астарында мыс сымның орнына талшықты сымды пайдалану дегенді ұғындырады. Талшықты сым арқылы ғаламтор мен телевидениені қосуға болады: талшықты сымның өткізгіштік қасиеті ADSL технологиясымен жұмыс жасайтын мыс сымға қарағанда оның артық жүктемесін оңай атқарады.

- Ендігі сауалымыз, тарифтер туралы кеңірек білсек. Жасыратыны жоқ, қайсібір ұялы телефонды пайдаланушы болмасын, оның қаражат қалтасына қарай тарифтік жоспарды таңдайды. Солай емес пе? Ендеше, ауылдағы ағайынға қандай тариф тиімді?

- Тарифтік жоспар ауыла немесе қала үшін деп бөлінбейді. Ол жалпыға ортақ. Ал, кімге қандай жоспар тиімді ол өзінің қай ұялы байланыс операторымен көбірек байланыста болатынына байланысты. Мысалы, ТМД елдерінде туыс немесе достары бар тұтынушыларға «Достастық» немесе «Көршілер» тарифтік жоспары тиімді. Тек Билайн қызметін пайдаланатындар үшін «Достар 2», «Бәріне жетімен» тағысын тағылар бар. Бұл жаңа тарифтік жоспарының бір ерекшелігін атап өтсек. Қысқаша сипаттамасы:
Абоненттік төлем - 0 теңге, кіріс қоңыраулары - 0 теңге, Beeline мен басқа операторлардың ұялы телефондарына және қалалық нөмірлерге шалынған қоңырау (минутына): бірінші минуты - 22 теңге, екінші минуттан бастап әңгімелесудің соңына дейін - 7 теңге. Қоңырауларды дөңгелектеу адымы - 1 секунд. Интернет-трафикті дөңгелектеу адымы - 10 Кб. Барлық тарифтер ҚҚС-пен қоса көрсетілген.
Бір тарифтік жоспардан басқа тарифтік жоспарға өту құны - 200 теңге ҚҚС -пен қоса. Айына бір рет тарифтік жоспарды тегін ауыстыруға болады. Ол үшін ағымдағы айдың 25-жұлдызына дейін компания кеңсесіне хабарласу керек. Келесі айдың 1-нен бастап сіздің тариф жоспарыңыз өзгертіледі. Жақында ғана шыққан тарифтік жоспарымыз – «Барлығына жетімен - 2». Өздеріңіз БАҚ құралдары бетінен оқыған боларсыздар, Елбасымыз Үкімет алдына барлық ұялы байланыс қызметі бағасын төмендету туралы тапсырма берген болатын. Осыған орай, біздің компания алғашқы болып қадам басып, аталмыш тарифтерді дүниеге әкелді.
«Барлығымен жетімен - 2» ТЖ Beeline мен басқа операторлардың ұялы телефондарына және қалалық нөмірлерге шалынған қоңырау (минутына): тәулік барысында жинақталған алғашқы үш минут 22 теңге, ағымдағы тәулік соңына дейін төртінші минуттан бастап 7 теңге, «Бәрімен жетімен 2» тариф жоспарына *177# пәрменін теріп ауысуға болады. Дөңгелектеу адымы - 1 секунд, барлық тарифтер ҚҚС-пен қоса көрсетілген.


- Ал, енді ТМД елдері бойынша тиімді тарифтік жоспар туралы айтып өтсеңіз?
- ТМД елдерімен үнемі байланыста болатын абоненттер үшін тиімді тарифтік жоспар, ол – Достастық. Қысқаша сипаттама беріп өтсек: абоненттік төлем - 0 теңге, кіріс қоңыраулары - 0 теңге.
Beeline мобильді телефондарына шалынатын қоңыраулар - 29,9 теңге, ҚР бойынша қала телефондарына шалынатын қоңыраулар - 29,9 теңге, ҚР-дың басқа да ұялы байланыс операторлары телефондарына шалынатын қоңыраулар - 29,9 теңге, ТМД елдеріне шалынатын қоңыраулар - 29,9 теңге. «Достастық»* тарифіне келесі пәрменді теру арқылы ауысуға болады: *110*509# .
Бір тарифтік жоспардан басқа тарифтік жоспарға өту құны - 200 теңге ҚҚС-пен бірге.
Айына бір рет тарифтік жоспарды тегін ауыстыруға болады. Ол үшін ағымдағы айдың 25- жұлдызына дейін компания кеңсесіне келу керек. Келесі айдың 1-жұлдызынан бастап сіздің тариф жоспарыңыз өзгертіледі.
Тағы да қосымша біздің компания «Көршілер» қызметін қосты. «Көршілер» қызметін қосып, ТМД мен Балтық жағалуы елдеріне,Грузия және Қытайға минутына 25 теңгемен қоңырау шалыңыз! Қоңырауларды дөңгелектеу адымы: 30 секунд. Қызметті қосу үшін, * 525 # сосын қоңырау шалу пәрменін теріңіз. Қосылу құны - 300 теңге.
Назар аударатын бір мәселе: егер сізде «Көршілер» қызметі мен «Сүйікті ел» қызметтері қосылған болса, ал «Сүйікті ел» ретінде ТМД мен Балтық жағалауы елдерінінің бірі, Грузия немесе Қытай таңдалған болса, бұл елдерге қоңырау шалғанда «Сүйікті ел» қызметінің шарттары бойынша тарифтеледі. Бұл жағдайда не «Сүйікті» ретінде жоғарыда аталған елдерден басқа елді таңдаңыз, не бұл қызметті ажыратып тастаңыз.

- Енді бір сауал: жалпы, Билайнға төлем туралы айтсаңыз?

- Сенімді төлем: Егер сіздің теңгеріміңіз нөлге жақын болса, ал шотты дәл қазір толықтыруға мүмкіндігіңіз болмаса, «Сенімді төлем» қызметін пайдаланыңыз. Сіздің сұрауыңыз бойынша Beeline шотыңыздағы қалдықты уақытша ұлғайтып қояды да, сіз байланыста қала бересіз! Бұндай төлемнің әрекет ету мерзімі - алынған күннен бастап 3 күн, содан соң осыған дейін есепке жатқызылған сома, шотыңызда бұрынғыша қаражат жоқ болса да, өздігінен шығынға шығарылады.
«Сенімді төлем» сомасы сіздің байланысқа жұмсайтын шығындарыңызға байланысты болады. Байланысқа жұмсалатын шығындар деп соңғы 3 айды есепке алғандағы мобильді байланысқа жұмсалатын барлық шығындардың орташа айлық сомасы болып саналады.
Берілген сомаға тәуелсіз бір төлем қызметінің құны 20 теңгені құрайды. Қызмет төлемі төлем сомасымен бірге есептен шығарылады.
Мобильді аударым: Мобильді аударым қызметі үш бөліктен тұрады: «Мобильді аударым», «Менің шотымды толықтыр» және «Маған қоңырау шал».
Жақын адамыңыздың шотын толықтыру үшін төлем карталарын сатып алудың немесе төлем терминалын іздеудің қажеті жоқ - оны өзіңіздің мобильді телефоныңыздан жасаңыз!
«Мобильді аударым» сізге ақшаны өз шотыңыздан басқа Beeline абонентінің шотына кез келген уақытта аударуға мүмкіндік береді. Қызметті қосудың немесе баптаудың қажеті жоқ, ал аударым құны ҚҚС-пен қоса алғанда 20 теңгені құрайды (өз балансынан ақша аударушы абонент төлейді).
«Менің шотымды толықтыр» қызметі Beeline Абонентіне нөлдік теңгерім кезінде Beeline-ның басқа Абонентіне оның мобильді телефонынан ақшаның бір бөлігін аудару туралы сұрау жіберуге мүмкіндік береді. Бұл сұрау тегін.
«Маған қоңырау шал» қызметі Beeline Абонентіне нөлдік теңгерімі кезінде Beeline-ның басқа Абонентіне оған қайта қоңырау шалуды өтінген сұрау жіберуге мүмкіндік береді. Бұл сұрау тегін.

- Бүгінгі редакциямызға келіп, тұрғындардың сауалына жауап бергендеріңіз үшін көп-кқп рахмет. Алдағы уақыттарда бұл жүздесуіміз жалғасын табады деген үміттеміз.
- Рахмет.