Beeline қашан да БІРІНШІ!!! / ARAL_PC / Блоги.Казах.ру — блоги Казахстана, РК
rus / eng / kaz


Если у вас уже есть блог в другом месте — можно автоматически транслировать записи из него в нашу блог-платформу СМИ могут копировать в свой блог ленту новостей или статей. Дополнительное внимание и комментарии обеспечены. Статья Корпоративные блоги: Как вести? содержит практические советы и примеры
Любой блог можно сделать коллективным. Для этого надо определенным (или всем) пользователям дать права на запись в него. Можно ставить записям будущее время. Запись будет в черновиках и в указанную минуту автоматически опубликуется.












ARAL_PC



Корпоративный блог

Блог aral
Автор блога
Лента друзей
Войти Регистрация



Beeline қашан да БІРІНШІ!!!

«КаР-Тел» ЖШС (Қазақстандағы Beeline бренді) Байқоңыр қаласында кең көлемді Ғаламторға қол жеткенін хабарлайды. Байланыс FTTB* технологиясы арқылы ақпаратты беру жылдамдығы секундына 100 Мбит-ті құрайтын болады. Қажетті келісімге бүгін Байқоңыр қаласындағы FTTB желісін дамыту жөніндегі серіктес «Телескан» компаниясымен қол жеткізілді.
«Біздің басы мақсатымыздың бірі – Beeline қызмет көрсететін аймақтарда толыққанды қызмет үлгісін көрсету болып табылады. Біз, Байқоңыр қаласы тұрғындарының кең көлемді Ғаламтор желісіне қол жеткізгеніне және біздің компанияның бұл тарапынан ғарыштық қаласында өзінің бірінші көп салалы оператор ретінде танытқанына қуаныштымыз» - деп атап өтті өз сөзінде ТМД елдерінде бизнесті дамыту жөніндегі вице-президент Дмитрий Кромский. – Мен Федералды ғарыштық агенттігіне, Байқоңыр қаласының әкімшілігіне және «ЦЭНКИ» ФММК-ға бүгінгі заманға лайықты технологияны дамытуға демеу көрсеткеніне зор алғысымды білдіремін және де бұл шараның қаланың тоқтаусыз жиілікте дамып қана қоймай, ғарыш әлемін игеруге де жәрдемін тигізеді деп ойлаймын.»
«Бізге тұрақты серіктесіміз Beeline-ның жаңа ұсыныстармен шығып, оның біздің нысандарымызды замануи үлгідегі байланыспен қамтамасыз ете алатындығымызға қуаныштымыз. Бүгінгі таңда мәліметтермен тез алмасу – барлыө сала бойынша табысқа әкелетін негізгі кілттердің бірі, әсіресе, жоғары технологиялық ғарыш саласында. Біз Beeline-ға біздің сұраныстарымызға толыққанды жауап беретін қызметі үшін ризалығымызды білдіреміз» - деп атап өтті өз сөзінде «ЦЭНКИ» ФММК Бас директорының бірінші орынбасары Валерий Крехтунов.
«Біздің қаламызда ғаламторға деген сұраныс – ауадай қажет тақырыптардың бірі. Оған күнделікті тұрғындардан келіп жатқан сауалдар мен өтініштер куә. Енгізіліп жатқан жаңа қызмет Байқоңыр қаласында тұрып жатқан Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасы азаматтарының арасын жақындатып қана қоймай, Ресйде, Қазақстанда, Украинада, Белоруссияда және басқа да мемлекеттерде тұратын достарымен үнемі байланыста болуы зор септігін тигізеді» - деді Байқоңыр қаласы әкімшілігі басшысының орынбасары Анатолий Петренко.
Қазіргі таңда FTTB технологиясын Қазақстанда Алматы, Астана, Жезқазған, Қарағанды, Петропавл, Тараз және Шымкент қалаларының тұрғындары пайдаланып отыр.
Болашақта аталмыш қызметті Қазақстанның ірі қалалары мен облыс орталықтарында дамыту көзделіп отыр.

***
FTTB (Fiber-To-The-Building) ағылшын тілінен аударғанда «үйге дейін талшық» деген мағынаны білдіреді. «Талшық» сөзінің астарында мыс сымның орнына талшықты сымды пайдалану дегенді ұғындырады. Талшықты сым арқылы ғаламтор мен телевидениені қосуға болады: талшықты сымның өткізгіштік қасиеті ADSL технологиясымен жұмыс жасайтын мыс сымға қарағанда оның артық жүктемесін оңай атқарады.

***
«КаР-Тел» компаниясы (Қазақстандағы Beeline бренді) және «СА-Телком» (Қазақстандағы Golden Telecom бренді) «ВымпелКом ЛТД» компаниясы тобына кіреді.
Компания ұялы байланыстың GSM 900/1800 стандартында, фиксациялық телефон, Интернетке жоғары жылдамдықты қосылу және FTTB өткізу технологиясы бойынша мәліметтерді беру қызметтерін көрсетеді. 2008 жылы Beeline Қазақстан Республикасы аумағында алғашқы болып GSM 1800 стандартында ұялы байланыс қызметін көрсетуге ресми рұқсат алды.