«Қуан сәби» қайырымдылық акциясы / ARAL_PC / Блоги.Казах.ру — блоги Казахстана, РК
rus / eng / kaz


Можно ставить записям будущее время. Запись будет в черновиках и в указанную минуту автоматически опубликуется. Статья Корпоративные блоги: Как вести? содержит практические советы и примеры
Если у вас уже есть блог в другом месте — можно автоматически транслировать записи из него в нашу блог-платформу СМИ могут копировать в свой блог ленту новостей или статей. Дополнительное внимание и комментарии обеспечены. Любой блог можно сделать коллективным. Для этого надо определенным (или всем) пользователям дать права на запись в него.












ARAL_PC



Корпоративный блог

Блог aral
Автор блога
Лента друзей
Войти Регистрация



«Қуан сәби» қайырымдылық акциясы

16 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні мерекесі қарсаңында «Билайн» компаниясының «Кар-Тел» ЖШС-нің Жамбыл филиалының қолдаумен, Жамбыл облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің бастамасымен «Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жобасының аясында 2010 жылдың 15 желтоқсанында Қ.Сарымолдаев атындағы №1 балалар үйінде «Қуан сәби» қайырымдылық мерекесі өткізілді.

Осы мерекеге Жамбыл облысы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау комиссиясының хатшысы Жақсылықова Бахыт Сауқымбекқызы, Жамбыл облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті директорының орынбасары Мәуленов Думан Болатұлы, облыс әкімдігінің білім басқармасының бас маманы Г.Мәдібекова және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, ата-аналар, ұстаздар ұжымы қатысты.
Жамбыл облысы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау комиссиясының хатшысы Жақсылықова Бахыт Сауқымбекқызы мерекеге қатысушыларды 16 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні мерекесімен құттықтай отырып, балаларға қуаныш сыйлаған осы мерекенің ұйымдастырушыларына, балалар үйі әкімшілігіне және демеушілерге зор алғысын білдірді.
Жамбыл облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті директорының орынбасары Мәуленов Думан Болатұлы өз сөзінде Департаменттің өзі құрылған уақытынан бері балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өткізілген көптеген маңызды бастамаларға себепкер болғанын, бүгінгі өткізіліп отырған «Қуан сәби» мерекесінің басты мақсаты әлеуметтік жетімдіктің алдын алу, балаларды жанұяларға орналастырудың баламалы нысандарын дамыту және балалар үйлерінен бала тәрбиелеп алуға ниет етіп отырған ата-аналарды қолдау екенін атап көрсетті. Бұл Жамбыл облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті мен «Билайн» компаниясының «Кар-Тел» ЖШС-нің Тараз қалалық филиалының алғашқы бірлескен жобасы, осындай іс-шаралар бұдан кейінгі уақытта да өз жалғасын табады.
Осы мерекеде «Билайн» компаниясының «Кар-Тел» ЖШС-нің Тараз қалалық филиалының өкілі Губашева Юлия Сұлтаниярқызы балаларға түрлі сыйлықтар, ойыншықтар сыйлады.
Жанұя құндылығын нығайту үшін әрбір баланы, жанұяда тәрбиеленуіне барша мүмкіндіктерді жасау қажет. Қазіргі таңда әлеуметтік жетімдікті болдырмау шараларын жасау, жанұя беделін көтеру, балалар мен ата-аналардың денсаулығын, материалдық және өмір сүру жағдайларын жақсарту үшін ерекше шаралар қабылдау маңызды болып отыр. Баланың қалыпты дамуының шарты оның жанұяда тәрбиеленуі болып табылады.
Мереке күні балалық шақтың бақытты сәтін жанұяда жалғастыру мүмкіндігіне ие болып, жанұяға жолдама алып отырған осы балалар үйінің тәрбиеленушілері Каст Настя мен Каст Александрдың қуанышы ерекше. Өйткені оларға өз балаларындай қарап, тәрбиесіне алуға Рябова Наталья Викторовна ниет етіп отыр.
Настя мен Александрдың бүгінгі қуанышына және келген қонақтардың құрметіне балалар үйінің тәрбиеленушілері өздерінің концертік бағдарламасымен ән-шашу арнады.
Мереке соңында «Билайн» компаниясының «Кар-Тел» ЖШС-нің Тараз қалалық филиалының өкілдері барлық балаларға өздерінің әкелген сыйлықтарын тапсырды.