Экологиялық заңнаманы бұзған лауазымды тұлғалар 8 жылға дейін бас бостандықтарынан айырылуы мүмкін / ARAL_PC / Блоги.Казах.ру — блоги Казахстана, РК
rus / eng / kaz


Если у вас уже есть блог в другом месте — можно автоматически транслировать записи из него в нашу блог-платформу СМИ могут копировать в свой блог ленту новостей или статей. Дополнительное внимание и комментарии обеспечены. Любой блог можно сделать коллективным. Для этого надо определенным (или всем) пользователям дать права на запись в него. Можно ставить записям будущее время. Запись будет в черновиках и в указанную минуту автоматически опубликуется. Статья Корпоративные блоги: Как вести? содержит практические советы и примеры












ARAL_PC



Корпоративный блог

Блог aral
Автор блога
Лента друзей
Войти Регистрация



Экологиялық заңнаманы бұзған лауазымды тұлғалар 8 жылға дейін бас бостандықтарынан айырылуы мүмкін

Табиғатқа қырын қарағандар темір торға қамалады.
Табиғатқа қырын қарағандар темір торға қамалады. Енді қоршаған ортаға едәуір залал келтірген ірі компания өкілдері айыппұл төлеумен құтыла алмайды. Экологиялық заңнаманы бұзғандары үшін лауазымды тұлғалар 8 жылға дейін бас бостандықтарынан айрылуы мүмкін.Үкімет кен орнын игерушілердің жауапкершілігін арттырған, жаңа заң жобасын биылдан қалмай Парламентке жібермек.

Бір жыл ішінде ғана еліміздің экологиялық ахуалына зиян келтірген 97 апатты жағдай орын алған екен. Оның 85-сі мұнай және газ саласында тіркелген. Осыны біле тұра, ірі компаниялар, әсіресе шетелдік инвесторлар немқұрайлық танытуда. Соңғы тексерулер өндірісте қарапайым ережелердің сақталмайтынын көрсетіп отыр. Өндірушілер болса, экология саласына жыл сайын қомақты қаражат құятындарын айтып ақталуда. Дегенмен бірқатар мекемелер бөлінген қаржының өзін игере алмады.

Джузеппе Марино, “Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Компания БВ” АҚ менеджері:

-Біз биыл табиғатты қорғау бағдарламасы аясында 33 іс-шараны жоспарладық. Оның 30 орындалып болды. Ал қалғандарын келесі жылдың бірінші тоқсанына қалдырдық.

Қалай дегенмен, жоспарды қоршаған ортаны қорғау министрлігі ғана өзгертуге құқылы. Бұрын талаптарды орындамау үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Бірақ бұл шара нәтиже бермейтін сыңайлы.

Нұрғали Әшімов, ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрі:

-Оларға 1-2 млн. доллар ол ақша емес, көк тиын олар үшін. Сондықтан Елбасы айтыпты: Қазақстанда ең қатаң экологиялық талаптар енгізу керек. Және Заң қарамайды, ол ҚР азаматы ма, әлде басқа республиканың азаматы ма. Осындай талап, осындай заң.

Заң қабыданса, табиғатқа 130 млн. теңгеден аса залал келтіргендер кем дегенде 2 жылға абақтыға қамалуы мүмкін. Бұған қоса қол қойған жауапты ведомство шенеуніктері де жазаланбақ. Министрдің бұл мәлімдемесінен кейін кейбір азаматтардың көңіл-күйлері бұзылғандай. Қаржы полициясы да әйгілі компаниялардың біріне жағымсыз жаңалық жеткізді. Қашаған жобасының операторы Аджип алаяқтық жасаған деп айыпталуда.

Әділ Әбілқасымов, ҚР Экономикалық қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі ақпараттық-сараптама департаментінің бастығы:

-“Аджип” мұнай өндіруші компаниясы «Жердегі Болашақ зауытының мұнай және газ дайындық кешенін орнату» нысаны бойынша жасалған құрылыс жұмыстарына кеткен шығындарды дұрыс есептемеген. 110 миллион доллар сомасы екі рет есептеліпті.

Табиғатты пайдаланғаны үшін қоршаған ортаға нақтылы бір пайда әкелген жөн болар. Мәселен, жасыл желекті орманды жайқалтуға болады. Алайда мұнайға бай өлкелер әзірге тақыр қалуда. Астанадағыдай жас көшеттерді көптеп отырғызуға кәсіпкерлердің ниеті жоқ. Бүгінде ойлағандары табысқа жету ғана. Биыл елде қазба байлықтарын өндіру қарқыны өскенімен, табиғатты қорғау бағдарламаларының көбі жүзеге асып үлгермеді.

http://kaz.ktk.kz