Армандар орындалады! / ARAL_PC / Блоги.Казах.ру — блоги Казахстана, РК
rus / eng / kaz


Если у вас уже есть блог в другом месте — можно автоматически транслировать записи из него в нашу блог-платформу Любой блог можно сделать коллективным. Для этого надо определенным (или всем) пользователям дать права на запись в него. Можно ставить записям будущее время. Запись будет в черновиках и в указанную минуту автоматически опубликуется. Статья Корпоративные блоги: Как вести? содержит практические советы и примеры
СМИ могут копировать в свой блог ленту новостей или статей. Дополнительное внимание и комментарии обеспечены.












ARAL_PC



Корпоративный блог

Блог aral
Автор блога
Лента друзей
Войти Регистрация



Армандар орындалады!

Ұлы Отан соғысының ардагері Григорьева Нина Василийқызы биыл 93 жасқа толады. 20 жасында ел басына қауіп төнгенде еш ойланбастан қолына гүл емес, қару алып соғысқа аттанған Нина туған күнін жылы үйде қарсы алуды армандаған еді. Өйткені, жаз болса аптап ыстық, қыс болса азынаған бораннан тозығы жеткен

ескі терезелерінен ығыр болған-ды. Күн кішкене жылт етсе, терезелерін ашып, бөлме ішін таза ауамен жаңғыртайын десе, ашса жабылмайтын, жабылса ашылмайтын тереземен арпалысып шаршайтын. Жаңа терезеге тапсырыс беріп жасатайын десе, басына тартса аяғына жетпейтін, дәрі-дәрмегінен ауыспайтын бар болғаны 44000 теңге зейнетақысы қайдан жетсін?!
Бірақ, қарт соғыс куәгері іштей бұл жарық әлемде мейірімді адамдардың барына сенетін. Қашан болса да бір қайырымды жан қол ұшын созады деп сенетін...
Күндердің күнінде «ҰОС ардагерлері, тыл еңбеккерлері және соғыс балалары Кеңесі» ҚҚ ардагерді өз қамқорлықтарына алды. Сонымен қатар, бір күні жағымды жаңалығымен қуантты. Өзі үміт еткендей, расында да Нина Василийқызының ескі терезесін жаңа пластикалық терезеге ауыстырып беретін қайырымды жан табылыпты! Бұл ақжолтай хабарға қуанған ардагердің көзінен жас шығып кетті.
- Мен әрқашанда іштей бұл әлемде қайырымды жандардың барлығына сенетінмін. Бәрімізді де құдай жаратты және барлығымыз соған сенеміз. Бүгін менің сенімім ақталды. Маған терезе сыйлаған қайырымды жанға аналық алғысым шексіз. Оның отбасына амандық, бақыт тілеймін. Әрбір қолына алған ісіне береке берсін – деді қуанышын жасыра алмаған ардагер.
Расында, «Адамзат баласына қолыңнан келгенше жәрдем бер және оның кері қайтуын тілеме. Барыңмен бөліс. Жоғыңа қанағат ет. Адамға не жасасаң, сол алдыңа қайтып келетінін ұмытпа» деген.
Соғыс ардагеріне қол ұшын созып, қайырымдылық негізінде көмектескен қайырымды жанның есімі Дмитрий Яковлев. Ол «Almaty De Luxe Stroy Company» ЖШС Бас директоры. Кәсібін кішкене тірліктен бастаған Дмитрий басқарып отырған ұжым қазіргі таңда Funke, Deceuninck, Winsa, Wintech, Conch маркалы шет ел тауарларымен көпішілктің көңілінен шығып жүр. Көптің алғысын алған адам – ешқашан жаман болмайды. Нарық заманында барына қанағат еткен Дмитрий осылайша қарт ардагерді бір қуантты.
Шынында, әлеуметтік желіге ҰОС ардагері Григорьева Нинаның пәтерін жөндеуге қайырымдылық акциясын ұйымдастырған болатынбыз. Арада бір тәулік өтпей жатып, әлеуметтік желіден оқыған аталмыш фирманың Бас директорының орынбасары Екатерина Евгенийқызы хабарласып, терезелерін тегін ауыстырып беруге ынталылықтарын білдіргенде, таң қалдық! Арада бір күн өтпей жатып, міне, нәтиже!

Өткен аптада аталмыш фирма өкілдері келіп, ардагердің үш терезесін тегін ауыстырып берді. Нина Василийқызы көзіне жас ала отырып, алғысын жаудырды. Еріктілер Нұрбахитов Нұрлан, Кисляков Виталий және Мансурова Зариналар үй ішін тазалап, терезе қалдықтарын шығарып қолғабыс берді. Еріктілер - алтын уақыттарын бөліп, ардагерлерге өз еріктерімен көмектесіп, алғыстарына бөленіп жүрген жандар.

Адамға қуаныш, бақыт сыйлау үшін оны алтынмен аптап, күміспен көмкерудің қажеті жоқ. Тек жүрек жылуын, аялы алақанның ыстық табын, мейірім шуағын бөлсеңіз жеткілікті. Қайырымдылық – бумеранг секілді. Бүгін жасасаң, ертең өзіңе қайтып келеді. Сондықтан, барыншыа адамдар бір-біріне мейірімді, кешірімді, қайырымды болса, бұл әлемде бейбітшілік және ынтымақтастық болар еді. Ал, бірлік бар жерде тірлік барын атам қазақ әлдеқашан дәлелдеп кеткен.



Теги: ардагерлер, ҰОС, терезе, қайырымдылық