Гуанчжоудағы Азиадада тағы төрт алтынға ие болған Қазақстан 5 орынға көтерілді / ARAL_PC / Блоги.Казах.ру — блоги Казахстана, РК
rus / eng / kaz


Можно ставить записям будущее время. Запись будет в черновиках и в указанную минуту автоматически опубликуется. Любой блог можно сделать коллективным. Для этого надо определенным (или всем) пользователям дать права на запись в него. Если у вас уже есть блог в другом месте — можно автоматически транслировать записи из него в нашу блог-платформу СМИ могут копировать в свой блог ленту новостей или статей. Дополнительное внимание и комментарии обеспечены. Статья Корпоративные блоги: Как вести? содержит практические советы и примеры












ARAL_PC



Корпоративный блог

Блог aral
Автор блога
Лента друзей
Войти Регистрация



Гуанчжоудағы Азиадада тағы төрт алтынға ие болған Қазақстан 5 орынға көтерілді

БЕЙЖІҢ-ГУАНЧЖОУ. 25 қараша. ҚазАқпарат /Руслан Сүлейменов/ - Бүгін Гуанчжоуда өтіп жатқан ХҮІ Азия ойындарында қазақстандық спортшылар құрамаға тағы төрт алтын алып берді.

Боксшы Серік Сәпиев финалдық сайыста өзбек спортшысын 9:3 есебімен жеңіп, бірінші орынға ие болды.

Жеңіл атлетикадан өткізілген жарыстарда қазақстандық Дмитрий Карпов онсайыста мықтылар сапынан көрінді.

Ринат Сағындықов каратэден өткізілген жарыстарда құрамаға алтын сыйлады.

Құрамында Анна Алябьева, Мәдина Мұқанова, Мизана Исмаилова мен Марина Петракова бар Қазақстан құрамасы көркем гимнастикадан өткізілген командалық жарыстарда алтын медальдарға ие болды.

Бокстан 91 килодан астам салмақта өткізілген жарыстарда қазақстандық Иван Дычко финалдық сайыста 5:7 есебімен қытайлық Чжан Чжилэйден жеңіліп қалып, күміс жүлдені місе тұтты.

Медаль саны бойынша Қазақстан құрамасы тағы бір сатыға жоғары көтеріліп, 5 орынға табан тіреді. Оның қоржынында қазіргі уақытта 63 марапат бар, олар: 14 алтын, 18 күміс пен 32 қола медаль.