Beeline Алматы мен Астанада 3G байланысын іске қосты / ARAL_PC / Блоги.Казах.ру — блоги Казахстана, РК
rus / eng / kaz


Если у вас уже есть блог в другом месте — можно автоматически транслировать записи из него в нашу блог-платформу Любой блог можно сделать коллективным. Для этого надо определенным (или всем) пользователям дать права на запись в него. Статья Корпоративные блоги: Как вести? содержит практические советы и примеры
Можно ставить записям будущее время. Запись будет в черновиках и в указанную минуту автоматически опубликуется. СМИ могут копировать в свой блог ленту новостей или статей. Дополнительное внимание и комментарии обеспечены.












ARAL_PC



Корпоративный блог

Блог aral
Автор блога
Лента друзей
Войти Регистрация



Beeline Алматы мен Астанада 3G байланысын іске қосты

ҚР Байланыс және ақпарат министрлігі мен «Кар-Тел» ЖШС Астана және Алматы қалаларында үшінші буындағы байланыс желісінің іске қосылғанын хабарлады.

22 қарашада Beeline үшінші буындағы байланыстың Астана және Алматы қалаларындағы базалық станциясын сынақтық нұсқада іске қосты. Желтоқсанның бірінен бастап, желіні коммерциялық тұрғыда пайдалануға рұқсат етіледі. Жоғарыда аталған екі қала тұрғындары мен қонақтары 3G байланысына қол жеткізетін болады.
1-желтоқсанға Астана мен Алматы қалаларында барлығы UMTS стандарты бойынша 2,1МГц диапазонындағы 3G желісінің 90 базалық станциясы жұмыс істейді. Осы станциялардағы қондырғыларды Huawei компаниясы ұсынған.
Жаңа буындағы байланыстың ерекшеліктері: жоғары жылдамдықтағы интернет желісі және мәліметтерді беру жылдамдығының 7,2 Мбит/сек-ке тең болуы.
Бұрын хабарлағандай, "КаР-Тел" ЖШС 3G байланысымен ЕҚЫҰ-ның Саммитін қамтамасыз етеді. Бұл радиожеліні уақытша пайдалану құқына ие болуы арқылы мүмкін болды.
Дегенмен, 2011 жылдың 1-қаңтарынан бастап, байланыс және ақпараттандыру Комитеті 3G стандартын таратуға арналған радиожеліні тұрақты пайдалануға рұқсат береді.
ҚР Байланыс және ақпарат министрлігінің Байланыс және ақпараттандыру комитетінің төрағасы Ризат Нұршабеков: «3G и 4G байланысын іске қосу үшін радиожиеліктерді пайдалануға төленетін төлем мөлшерін анықтау мақсатында ҚР Салық кодексіне енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды өткен жұмада ҚР Парламентінің Сенаты қабылдады»- деп айтып өтті.
"Кар-Тел" ЖШС-нің Бас директоры Анатолий Попов өз сөзінде: «Байланыс және ақпарат министрлігі мен телекоммуникация нарығына қатысушылардың біріге отырып атқарған жұмысы өз жемісін берді. 3G желісінің іске қосылуы Қазақстан экономикасы дамуының жаңа кезеңі басталғанын білдіреді. Біздің компания телекоммуникация қызметтерінің барлық түрлерін ұсынады. Және біз үшінші буын желісін коммерциялық тұрғыда іске қосу мәртебесіне ие болғанымызға қуаныштымыз. Жақын күндері 3G байланысын тұрақты түрде пайдалану үшін берілетін лицензияны рәсімдеуді аяқтап, үшінші буынның байланысымен барлық Қазақстан аймағын қамтитын боламыз»-деді.
[B]