"BEELINE"-тікелей эфирде! / ARAL_PC / Блоги.Казах.ру — блоги Казахстана, РК
rus / eng / kaz


СМИ могут копировать в свой блог ленту новостей или статей. Дополнительное внимание и комментарии обеспечены. Любой блог можно сделать коллективным. Для этого надо определенным (или всем) пользователям дать права на запись в него. Можно ставить записям будущее время. Запись будет в черновиках и в указанную минуту автоматически опубликуется. Статья Корпоративные блоги: Как вести? содержит практические советы и примеры
Если у вас уже есть блог в другом месте — можно автоматически транслировать записи из него в нашу блог-платформу












ARAL_PC



Корпоративный блог

Блог aral
Автор блога
Лента друзей
Войти Регистрация



"BEELINE"-тікелей эфирде!

"Beeline" сауда белгісімен "КаР-Тел" ЖШС Қызылорда филиалы өз абоненттерімен тікелей эфирде немесе ыстық желіде бірнеше рет кездескен болатын. Осыған дәстүрге орай, қараша айында компанияның кеңсесіне келіп түскен сауалдарға аталмыш компания қызметкерлері жауап берді. Желіде - "КаР-Тел" ЖШС Оңтүстік аймақ бойынша баспасөз-хатшысы Қайрат Сағынайұлы Сағынаев. [B]

Нәбира, жастар көшбасшысы: Қазіргі таңда жарнама бетінде ұялы байланыс операторларының USB модемдері туралы көбірек айтылып жатыр. Сіздердің компанияларыңыз ұсынған USB-модемдердің артықшылығы неде?

Бұл жаңа өнімнің ең бірінші артықшылығы, Сіз Интернетке еш қиындықсыз, арнайы сым тартуды қажет етпей қызмет жасайтындығы. Оған бар болғаны Beeline байланысы қамтыған аймақ және компьютер немесе ноутбук болса болғаны. Оны компьютер тетігіне жалғайсыз, сонан соң ол автоматты түрде орнатылып жұмысын жалғастырады. Мұндағы басты мақсат – елімізді интернетпен жаппай қамту бағдарламасына өз үлесімізді қосу. Сіз іс-сапарларда жүрсеңіз де еш қиындықсыз мәліметтеріңізді жіберіп, ала аласыз.

1. Сымсыз Интернет - Beeline желісі бар кез-келген жерде.

2. 50 Мб және 800 теңге сыйлыққа: USB-модемді сатып алғанда Data-картаның теңгерімінде 800 теңге бар болады және 50 Мб бонустық трафик қосылған.* Назар аударыңыз! Оларды іске қосу үшін «Beeline USB-модемінің» мәзірі арқылы төмендегі әрекеттердің біреуін орындау керек:

- теңгерімді тексеру;

- SMS жіберу;

- «Менің нөмірім» қызметін пайдалану

3. Орнатылуы қарапайым: модемді компьютердің USB-портына қоссаңыз, автоматты баптау бағдарламасы өздігінен орнатылады.

4. SMS қарым-қатынас: компьютерден SMS-жазысу жүргізу оңай және қызықты! Ғаламторға қосылып және қосылмай да хабарламаларды жіберу және қабылдау мүмкіндігі бар.

5. Шотты бақылау: Beeline USB-модемінің ыңғайлы мәзірі арқылы теңгерімді тексеру және толықтыру, қызмет түрлерін қосу немесе айыру мүмкіндігіне ие боласыз.

6. Интернет-серфингке арналған арнайы тарифтер: клик-топтамаларды сатып алып, Ғаламторды тиімді бағамен пайдаланыңыз!

Ғаламтор желісінде саяхат жасауға арналған тарифтер:

Клик-топтаманың мөлшеріКлик-топтаманың мөлшері
50 Мб 100 Мб 250 Мб 1 Гб бағасы

Құны ҚҚС-пен қоса 590 990 1390 2350 2350
1Мб бағасы 11,8 9,9 5,6 2,29 2,29

Клик-топтамалардың шарттары:

Клик-топтама қосақан сәттен бастап, 30 күн барысында жарамды. 30 күн өткеннен кейін пайдаланылмаған трафик жойылады. Пайдалынылмаған трафикті уақыты бітпей тұрып жаңа топтаманы қосу арқылы келесі айға ауыстыруға болады. Егер сіз Клик-топтаманың трафигінен асып кетсеңіз, оның үстіндегі баға әдеттегідей болады: 07:00-ден 22:00-ге дейін – 4,9 тг./100 Кб, 22:00-ден 07:00-ге дейін – 1,9 тг./100 Кб. GPRS қызметтерін роумингте пайдаланғанда Клик-топтаманың трафигі шығындалмайды. Бұл жағдайда Интернет-трафиктің құны барған еліңіздегі трафигіне болады. Дөңгелектеу адымы: 10 Килобайт.

Қазіргі таңда жәй абоненттерге (припейд) арналған «Клик» тарифтік жоспары және корпоративті абоненттерге арналған «Бизнес модем» ТЖ бар. 1 Гб көлемінің бағасы 2350 теңге. Яғни, 1 Мб-қа 2,34 теңге ғана төлейсіз. Біздің модемдерді пайдалану арқылы Сіз уақытты, қаржыны үнемдеп қана қоймай, жылдамдылыққа қол жеткізесіз.

Нұрлан, Қызылорда қаласының тұрғыны: - Қазіргі таңда БАҚ беттерінде немесе теледидарда «Жаса» жаңа қауымдастығының жарнамасын беріп жүр. Оның тегін минуттары деген рас па?

-«Жаса!» - бұл өз армандарын жүзеге асыратындар бірлестігі!

«Жаса!» - ең қызықты оқиғалардың ортасында болуды, кемелденуді және табысқа қол жеткізуді көздеген ең жарқын, табысты және мақсаткер Beeline абоненттерін біріктіреді.

«Жаса!» - бұл бағдарлама мүшелері ұпай жинап, Beeline және оның серіктестерінің қызметтеріне айырбастайды, сондай-ақ келесі деңгейлерге өтіп, одан да көп артықшылықтарға ие болады!

«Жаса!» бағдарламасына қатысып:

5 сағатқа дейін тегін әңгімелесу мүкіндігін*;

Beeline-нан бірегей артықшылықтар мен тосын сыйларды;

Өз қалаңның ең қызықты және үлгілі жерлерінде жеңілдіктер мен сыйлықтар алу мүмкіндігіне ие боласың.

Сөйлес, жина, ұпай санын тегін сөйлесу уақытына айырбаста! Сөйлескенің үшін одан да көп сөйлесу уақытын ал! Бұл тек бастамасы!

- Бірлестікті «Жаса!» деп атаудың себебі неде?

Қазақ тілінде «жаса» сөзі - «істе», «тудыр», «өмір сүр» деген сөздермен мағыналас. Сондықтан, бұл сөз бірлестік атауының мағынасын толық ашады.

«Жаса!» - бірлестіктің де, оның сөзсіз мүшесі болғысы келетін абоненттердің де мақсаты мен мәнісін дәл анықтайды. Бұл - ешқашан бір орында тұрмайтын және үнемі бір жаңа нәрсе жасауға ұмтылатын адамдар. Бұл - өз ойларын жүзеге асыратын шығармашылық тұлғалар. Олар әрбір жасалған қадам үлкен бір істің бастамасы екенін жақсы біледі.

- Бірлестікке қалай кіруге болады?

«Жаса!» бірлестігінің қатысушысы болу үшін жай ғана *777# тегін пәрменін тер! Осы сәттен бастап саған шот ашылады. Сен жай ғана сөйлесесің және теңгеріміңді толтырасың, ал ұпайлар сенің шотыңда автоматты түрде жинала береді. Тіркелу тегін!

Ұпай саны қалай жиналады?

Ұпай алу шарттары және ұпай саны:

Beeline желісі ішіндегі күні бойы жинақталған сөйлесудің әрбір 2,3-минуты үшін

әр минут үшін - 5 ұпай

Теңгерімді 1000 теңге және одан жоғары (тәулік бойы жинақталған) сомаға толықтырғаның үшін - 5 ұпай

Ұпайларды қалай жұмсауға болады?

Ұпай саны және жұмсалуы

500 ұпай - Beeline желісі ішінде 1 сағат тегін сөйлесу **

5000 ұпай - Gold деңгейіне өту;

10 000 ұпай - VIP деңгейіне өту – VIP Club Beeline-ға кіру

Жиналған ұпайларды айырбастау үшін мобильді телефоныңыздан *110*74# пәрменін теріңіз. Жиналған ұпай санын және бонустық минуттардың қалдығын тексеру үшін мобильді телефоныңыздан *127# пәрменін теріңіз. «Жаса» қауымдастығына кіру үшін әрбір алдын ала төлем абоненттері ұялы телефонынан *777# сандарын теруі қажет.

Дос, кәсіпкер: – 3G ұялы байланыс операторлары мен олардың абоненттеріне қандай мүмкіндік береді?

3G-дің басты айырмашылығы – ақпаратты секундына 3,6 Мбит жылдамдықпен жібере алатындығында, бұл қазіргі 2G мүмкіндігінен он есе көп. Сөйтіп, абоненттер жылдам интернет, бейнетелефония, бейне MMS-ке қол жеткізеді. Операторлар үшін дауыстық емес қызмет түрлерін дамыту арқылы пайданы арттыруға мүмкіндік бар.

орналасқан аумақтар деп ойлаймын.

– Абоненттеріңіздің қандай бөлігі интернет қызметін, MMS хабарларын қолданады?

GPRS/EDGE – 7 пайыз, WAP – 10 пайыз, MMS – 10 пайыз.

Еркежан, қала тұрғыны: «Тамаша» тарифін түсіндірсеңіз және бұл тарифке қалай қосылуға болады?

«КаР-Тел» ЖШС-ның (Қазақстанда Beeline бренді) Beeline операторы желі ішінде хабарласудың төменгі бағамен, абоненттік төлемсіз «Тамаша Қызылорда» жаңа тарифтік жоспарын енгізгені туралы хабарлайды.

«Тамаша Қызылорда» тарифтік жоспарына қосылған абоненттер минутына 5 теңге төменгі бағамен абоненттік төлемсіз сапалы байланысты пайдалана алады. «Тамаша Тараз» тарифтік жоспарының шарттары бойынша, оған қосылу төлемі — 15 теңге мөлшерінде, қалалық телефондар мен басқа ұялы операторлар нөмірлерімен тілдесу минуты 35 теңгені құрайды*. Егер де сіз Beeline байланысының пайдаланушысы болсаңыз, «Тамаша Қызылорда» тарифтік жоспарына ауысу үшін *110*73# белгілерін тересіз де, қоңырау шалу пернесін басасыз. Ауысу құны ҚҚС қоса алғанда 200 теңге**. Тарифтік жоспар жөнінде толығырақ www.beeline.kz адресі бойынша компания сайтынан білуге болады.

Абдулла ағай, қала тұрғыны: Билайн өкілдерінен тарифтер туралы кеңірек білсем деп едім. Өзіміз ауылда тұрғанымызбен, балалар қалада. Байланысуға қалта телефоны тиімді. Бірақ, сонда да болса, біз сияқты ауылдағы ағайынға қандай тариф тиімді?

Тарифтік жоспар ауыла немесе қала үшін деп бөлінбейді. Ол жалпыға ортақ. Ал, кімге қандай жоспар тиімді ол өзінің қай ұялы байланыс операторымен көбірек байланыста болатынына байланысты. Мысалы, ТМД елдерінде туыс немесе достары бар тұтынушыларға «Достастық» тарифтік жоспары тиімді. Тек Билайн қызметін пайдаланатындар үшін «Достар 2», «Тамаша Қызылорда» тағысын тағылар бар. Ал, жақында Beeline өз абоненттерін тағы бір жағымды жаңалығымен қуантып отыр. Ол – «Тату нөл» жаңа тарифтік жоспары. Бұл жаңа тарифтік жоспарының бір ерекшелігі, мысалыға осы тарифтік жоспарда отырған абоненттер өзара 100 минутқа дейін 0 теңгемен сөйлеседі. Ал, 101 минуттан бастап 10 теңгемен, басқа Билайн абоненттеріне минутына 10 теңгемен сөйлесуге мүмкіндігі бар. Оған ауысу үшін телефоныңыздан *110*28# пәрменін теріңіз. Тариф жоспарына ауысу құны ҚҚС қоса есептегенде 200 теңге. Арнайы тарифтік жоспар 2010 жылдың 30 маусымына дейін әрекет етеді.

Марат, студент: Өзім Билайнның абонентімін. Сіздің компанияда жұмыс істеу үшін мамандар қалай іріктелініп алынады?

Әрине, біздің компанияда қызмет жасап, тәжірбиеден өтетіндер аз емес. Және де әлі де үміткерлерге есігіміз айқара ашық. Бізде бос қызметтік орындар болса оны арнайы сайттарда немесе БАҚ құралдары бетінде жариялаймыз. Оған конкурсқа түсу үшін қажетті шарттар мәселесіне келсек, ол сол мамандыққа орай болады. Соның шарттарына мәліметтеріңіз сәйкес келетін болса және өзіңізді жақсы маман деп танитын болсаңыз, біз сізбен жұмыс жасауға құлшыныстымыз.

Және де бір жаңалығымыз, биылғы жылы Сыр өңірінде алғаш рет «Үшінші ұрпақ» бағдарламасы іске қосылды. Қазан айында «Үшінші ұрпақ-2011» бағдарламасының бесінші маусымы басталды. Осы бағдарлама аясында жоғары оқу орнының студенттері «КаР-Тел» ЖШС (Beeline және Beeline Business бренді) сынақтан өте алады. Ең талантты студенттер VimpelCom Ltd халықаралық тобына кіретін VimpelCom Ltd компаниясында өзінің еңбек өтілін жасай алады. Бұл бағдарлама Қызылордада алғаш рет өтіп отыр. Студенттерді сынақтан өткізу-біз үшін қызықты тәжірбие. Техника мен технология, білім қарыштап дамыған заманда кез-келген бизнес өкілі үшін талантты, білімді әрі жаңашыл жас мамандарға деген сұраныстың артуы заңды құбылыс. Сондықтан да, әлемге әйгілі қымбат бренд иесі Билайн компаниясының аталмыш бағдарлама бойынша студенттерді сынақтан өткізу жұмысын дәстүрлі өткізіп келеді. Ол нәтижесіз де емес. Бүгінде біздің компанияда бағдарлама жеңімпаздары қызмет жасап, болашақ баспалдағын бізбен бірге бастап жатыр. Ол біз үшін үлкен қуаныш.

Қазан айының 27-28 жұлдыздарында қаламыздағы Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің дәрсхана залында экономика факультетінің 3 және 4 курс студенттеріне арналып «Үшінші ұрпақ» бағдарламасы туралы дәріс өткізілді. Оған қазақ және орыс топтарынан 100 ден аса студент қатысты. Осы конкурс нәтижесінде жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар озықтар көш бастап, келешек көжиегін бізбен бірге жасамақ.

Ерден Толыбай: Телефонға түскен жасырын нөмірді анықтауға мүмкіндік бар ма?

Біздің абоненттеріміз туралы кез келген мәлімет қатаң құпия ретінде сақталады. Біз ешқашан басқа абоненттің қайсібір тұрғыда болмасын мәліметін ашпаймыз. Ондай мәліметті таратқан қызметкерге қатаң шаралар көріледі. Ал, егер Сізге қоқан-лоққы көрсеткен жағдайда әңгіме басқа. Ондай жағдайда Сіз өзіңіз орналасқан аймақтағы учаскелік полицияға, ішкі істер органдарына хабарласып, арыз жазасыз. Сонан кейін ғана шаралар көріледі. Онда да ол дәлелденген жағдайда ғана.

Асхат, кәсіпкер: Сіздің компания тек ұялы қызмет қана көрсете ме?Интернетке шығу мүмкіндігінен қандай қызмет көрсетесіздер?

Біздің ұялы байланыс операторы тек қана аталмыш қызмет төңірегінде ғана шектеліп қалмайды. Қазіргі таңда «Beeline» көп қырлы байланыс операторы болып табылады. Яғни, фиксациялық телефония, интернет, үшінші ұрпақ байланысы 3G, бейнебайланыс.

Ал, Интернетке келер болсақ, бізде қызмет тұрлері баршылық. Атап айтар болсақ:

- Мобильді кеңсе;

- GPRS негізінде көрсетілетін қызметтер;

- Корпоративтік GPRS – қатынау;

- GPRS пакеттері.

Мобильді кеңсе:

«Мобильді кеңсе» — ноутбуктың көмегімен корпоративтік ресурстар мен Интернетке қатынауға арналған кешенді шешім. Сіз деректерді жөнелту технологияларының қайсысын пайдалануды өзіңіз таңдайсыз: CSD, GPRS, EDGE. Сіз кез келген уақытта Интернетке қосылуыңызға, корпоративтік желіге қатынауыңызға, электрондық поштаны қыбылдауыңызға және жөнелтуіңізге болады. Мобильді кеңсе ұялы телефоныңызды пайдалануды талап етпейді: сіз бір мезгілде интернетте жұмыс істеп, іскерлік келіссөздерді жүргізе аласыз.

Сіз компьютерге қосылған ұялы телефонның көмегімен интернетке шыға аласыз. «Үш қызмет пакетіне» кіретіндер: MMS, Мобильді GPRS-Интернет және GPRS-WAP.

GPRS арқылы интернетке шығу Сізге мынадай мүмкіндіктер береді:
қалалық телефон желісінсіз интернетке шығу
электрондық поштаны қабылдау және жөнелту
ішкі корпоративтік желіге қатынау
интернетпен жұмысты үзбей, қоңырауларды қабылдау

Сіздің телефоныңыз GPRS технологиясын қолдайтынын тексеріңіз.

WAP арқылы интернетке шығу

WAP-ты қосыңыз — сонда сіз WAP-сайттарды тікелей өзіңіздің ұялы телефоныңыздың дисплейінде қарап шыға аласыз! Сіз WAP-сайттарды, тіпті сіздің телефоныңыз GPRS-ті қолдамайтын болса да, қарап шыға аласыз — жай ғана CSD арқылы WAP-ты пайдаланыңыз. WAP-сайттарды іздеу оңай! Ең қызықтының бәрі тура үй бетінде — wap.beeline.kz-те жинақталған.

MMS

Жақындарыңызбен қатынасты жарқын әр қызықтырақ етіңіз! MMS-хабарламалардың көмегімен жаңа әуенді немесе қызықты суретті бөлісіңіз. MMS-тің көмегімен сіз суреттерді, фотосуреттерді ұялы телефонға немесе e-mail-ге жөнелтіп, сондай-ақ ұзындығы 1000 белгіден асатын мәтінді хабарламалар жаза аласыз.

Корпоративтік GPRS-қатынау

Корпоративтік GPRS-қатынау сізге кеңседен тыс жерде компанияның корпоративтік сайтын қарап шығуға, сіздің желіңіздің деректер базасымен және файлдарымен жұмыс істеуге, сондай-ақ корпоративтік қосымшаларға қатынауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Қызметті пайдалану үшін, ноутбук немес қалталық компьютер қажет. Қатынау GPRS технологиясын қолдайтын әр мобильді құралдар (телефондар, смартфондар, коммуникаторлар, GPRS-бейімдеуіштер) болғанда және абонент «КаР-Тел» ЖШС желісінің GPRS қызметі көрсету аймағында, сондай-ақ серіктестердің GPRS-роуминг желілерінде болған жағдайда мүмкін. Қызметті шеткі жабдықтың (мысалы, банкоматтардың, POS-терминалдардың, технологиялық жабдықтың) корпоративтік желісіне қорғалған қосылысы үшін де пайдалануға болады.

Корпоративтік желіге қатынау қауіпсіз, өйткені ол мобильді құрылғыдан клиенттің корпоративтік желісіне дейін қорғалған арналар арқылы жасалады. Қызмет ақпарат жөнелтуде клиенттің корпоративтік желісіне тән хаттамаларды, адрестеуді, авторландыру әдістерін, ақпараттық қауіпсіздік саясаттарын және т.б. қолдануға мүмкіндік береді.

- USB-модемдер елді-мекендерде жұмыс істей ме?

Әрине, қай жерде Beeline байланысы бар, сол жерде Сіз емін – еркін ғаламторды шарлап, өзіңізге керекті жаңалықтарды қарап, жақындарыңызға хат жазып, www.beeline.kz сайтына кіріп, біздің байланысты пайдаланатын кез – келген танысыңызға немесе тусыңызға тегін СМС-хабарламасын жібере аласыз.

Сания, кәсіпкер: Біз Сіздердің компанияның корпоративті тұтынушыларымыз. «Би-Офис» деген бағдарлама, Дербес кабинет дегенді түсіндірсеңіздер. Рахмет.

«КаР-Тел» ЖШС Beeline сауда белгісімен инновациялық компания болып табылады және сіздің назарыңызға өз бизнесіңізді қолжетімдірек және ыңғайлырақ жасауға көмегін тигізетін шешім ұсынады. «БиОфис» (Дербес кабинет) өзіне-өзі қызмет көрсету жүйесі сіздің корпоративті тобыңызға енетін нөмірлеріңіз бойынша қаржы ақпаратын сараптап, сізге қажетті сервистерді дистанционды түрде басқаруға мүмкіндік береді.

Қызметтерді басқару жүйесінің мүмкіндіктері тізімі:
Қаржы ақпаратын сараптау:

шоттар бойынша есептеулерді салыстыру (роуминг, жергілікті байланыс, SMS және т.б.)

өткен мерзімге таңдап алынған телефон нөмірлері қоңырауларын нақтылап беру және есептеулері төленген, төленбеген шоттарды қарау;

төлемдер тізімі және оларды шоттар бойынша бөлу

Қызметтерді басқару:
қызметке қосылу/ажырату
нөмірлерді бұғатқа қою

Қаржы ақпаратына қол жеткізу және әр түрлі деңгейлерде қызметтерді басқару:
бүкіл Корпорация бойынша
жеке шоттар тобы бойынша
телефон нөмірі бойынша

Өткен мерзімге әр түрлі есеп беруді қалыптастыру мүмкіндігі:
есептелген сома бойынша
нақтылап беру бойынша
қоңыраулар тобы бойынша

Дербес кабинетке ұлықсат

«БиОфис» (Дербес кабинет) өзіне-өзі қызмет көрсету жүйесіне кіруге рұқсат алу үшін жеке Service Manager-іңізге жолығып, келесі құжаттарды тапсыру керек:
2 дана Қосымша келісім
Компанияның байланыс тұлғасына кіруге рұқсат алу өтініші
Beeline корпоративті тобына жауапты Компания атынан байланыс тұлғасының сенімхаты

Асқар, қала тұрғыны: - Мен корпоративті тұтынушыларға біраз артықшылықтар беріледі әрі арзан сөлеседі дегенді естіп едім. Біз де бизнес өкіліміз. Ұжымымыз шағындау. Сіздің компанияға қалай корпоративті тұтынушы болуыға болады және шарттары қандпй?

Қазіргі заманғы бизнесте компания қаржысын ақылға қонымды етіп жұмсай алу қажет. Біз корпоративтік клиенттерімізге арнайы шарттар мен икемді жеңілдіктер жүйесін ұсынамыз. Сонымен:

Кім Beeline корпоративтік клиенті бола алады?

Төмендегі жағдайларда Билайн корпоративтік клиенті ұйым бола алады (заңды тұлға немесе жеке кәсіпкерлік):
бір немесе одан артық қолданыстағы немесе жаңа Beeline нөмірлеріне ие болса;
қызмет көрсетудің кейінгі төлем түрін ("сөйлес, кейіннен төле") пайдалануды қалайтын болса

Жеңілдікті қалай алуға болады?

Корпоративтік клиенттерге қосымша шегерімдер мен жеңілдіктер берілуі мүмкін. Жеңілдіктер мөлшері сатып алынатын нөмірлердің санына, сөйлесу қарқындылығына, сондай-ақ таңдалған тарифтік жоспарға байланысты болады.

ЖШС ішінде корпоративтік топты құру үшін қажетті құжаттар:
Компанияның тіркелуі туралы куәлік (көшірмесі);
Статистикалық карта (көшірмесі);
Банк реквизиттері;

ЖК ішінде корпоративтік топты құру үшін қажетті құжаттар:
Бірінші басшының жеке куәлігінің / төлқұжатының көшірмесі
ЖК тіркеу туралы куәлігі (көшірме);
Салықтөлеушінің куәлігі (көшірме);
Банк реквизиттері.

Ал, жеңілдіктер мәселесіне келер болсақ:

Beeline корпоративтік клиенттеріне:

Біз қазіргі заманғы бизнес талаптарына сай болуға тырысамыз және Beeline корпоративтік клиенттеріне келесідей ұсыныстарымыз бар:
Бір Компания аясында ыңғайлы тариф жоспарларын үйлесімдеу мүмкіндігі;
Төлем жасаудың кейіннен және алдын-ала төлеу формасы;
« Сүйікті ел Бизнес» қызметімен бірге, таңдап алынған шет елге қоңырауларға пайдалы баға (ҚҚС есептемегенде, 26,7 тг/минут);
Сіздің бизнесіңізге арналған қосымша сервистер;
Кез-келген мәселелердің лезде шешімін табуға арналған жеке қызмет көрсету;
Сіз үшін әртүрлі және ыңғайлы төлем жасау жолдары;
Әлемнің 154 мемлекетіндегі Роуминг және Beeline елдеріндегі: Ресей, Грузия, Тәжікстан, Өзбекстан, Армениядағы роумингке тиімді тарифтер;
Сіздің Компанияңыз орналасқан жерде байланыстың таралу аймағын кеңейту мүмкіндігі;
Бүкіл әлем бойынша кез-келген ұялы байланыс операторларына SMS жібере алу мүмкіндігі;
VIP нөмірлерін беру және сізде бар нөмірлерді көшірмелеу;
SIM тегін ауыстыру\Иелерін ауыстыру

Егер өздеріңіздің сауалдарыңыз болса, төмендегі электронды поштаға жолдауларыңызға болады: ksagynaev@beeline.kz